ЖШС "TEPLOSTIL" – қасбетке арналған жылу панелдердің 1-ші Қазақстандық өндірушісі
таңдауға 3 жылу ұстағыш түрі бар
Әрлеу мен жылуұстап тұруға арналған TEPLOSTIL жылу панельдері ерекше технологиямен жасалған. Ол өзара біріктірілген 2 қабаттан тұрады. Олардың біреуі сәндік қызметін атқарса, екіншісі жылуды ұстап тұрады. Сәндік қабатты тегіс плитаның, оның ішінде бояу үшін арнайылап травертиннің, әр түрлі кірпіштер мен тастардың үстінен жасауға болады. Қабырғада жылуды ұстап тұруға арналған панельдер өздерінің эстетикалық қасиеттері боәынша табиғи материалдармен бірдей.
Басты мақсат – қажетті қаражаттың жетіспеушілігі мен арзанырақ бағадағы балама материалдың жоқтығынан гипс, мюнхен тәрізді қаптамаларға жүгінетін көптеген тұрғындарымызды ескіріп қалған қаптамалардан құтқару. Адамдар ұзақ уақытқа төзімді қаптаманың қымбат бағада емес, сонымен қатар әдемі қасбетпен болғанын қалайды, бірақ өкінішке орай, біздің қалағанымыз әрдайым мүмкіндіктермен сәйкес келе бермейді ғой … Осындай сапасы төмен қаптаманың арқасында, олар екі жылдан кейін қасбетке, дәлірек айтқанда оның жөндеу жұмыстарына қайтып келуге мәжбүр болады. Өйткені сылақ жарыла бастайды, бояу ағарады және т.б.. Ал оған қайтадан отбасылық бюджеттен ақша жұмасалады, ал демалыс пен жеке уақыт басқа мақсаттарға арналады.

Иә, біз өзіміздің технологиямыз бойынша жасалған сапалы құрылыс материалдары болып табылатын жылу панельдерін пайдалану арқылы өз азаматтарымызды осындай мәселелерден құтқаруға ниеттіміз және қарапайым қазақстандықтар өз үйлеріне сапалы жылуұстағыш орнатуға мүмкіндік алса дейміз. Сонымен қатар, тиімді үнемдеп, отбасылық бюджетті басқа салаларда пайдалана отырып, сәнді, сенімді және берік қасбетке ие болса дейміз.
Травертин үстінежасалған қасбет немесе әдемі қамтама кірпішті қалайсыз , бірақ қажетті қаражат жетпей ме… ?
Біз жоғарыда аталған қымбат материалдар үшін артық төлем жасамай-ақ, қымбат материалдардың сыртқы түріне ұқсас, жоғары сапалы қасбетке ие болуға , дәл осы мәселелерді шешуге көмектескіміз келеді. Бұл туралы көптеген даулы сұрақтар туындауы мүмкін, бәрі бірдей болмайды, олар ұзаққа созылады және т.б. Біз сізді уақыт ендірген ескі стереотиптерден құтқаруға тырысамыз. Уақыт деген бір орында тұрмайды, ал жаһандық дағдарыс жағдайында болашақ жаңа технологияларға еншісінде. (Қосымша ақпарат сұрақ-жауап бөлімінде).
Сонымен қатар, өндісітің қосымша тармағында біз тығыздығы 35 болатын, мәрмәр ұнтағының үстіне сертификатталған замазка арқылы нығайтылған, пенопласттан жасалған сәндік өнімдер жасап шығарамыз. Мұндай өнімнің құны басқа өндірушілермен салыстырғанда ең төменгі бағада, өйткені мұнда біз негізгі бағыттағыдай пайда табуға бағытталмағанбыз, басты мақсатымыз – үйлердің қасбеттерін жабу және жылулық панелдерінің сыртқы көрінісіне қосымша сән беру.
Бізді Алматы және басқа да қалалардағы ұқсас материалдар өндірушілерінен ерекшелейтін біздің артықшылықтарымыз болып- өз таңдауыңыз бойынша таңдалған жылуұстағышпен желімсіз біріктірілген, талшықты бетоннан жасалған қорғаныштық қабаты бар жылулық панельдерін өндірудегі жеке технологиямыз, зауыттық сапа, сертификатталғандылық, сапа мен ГОСТ стандарттарына сайлылық, беріктілік, үнемділік, автоматтандырылған желідегі жүйелі және конвейерлік өндіріс ( 80%-ға дейін, аптасына 5000 м.2. және айына 20 00 м.2-тан аса өнім өндіруге мүмкіндік беретін, 25 жыл мерзімге дейінгі өнім сапасына кепілділігіміз болып табылады.

TEPLOSTIL — экономикалық тұрғыдан 1 өнімдегі 10 есе тиімді жүйесі
1 м2 үшін 2500 теңгеден аса үнемдеу. Яғни, сылақтың қажеті жоқ
Уақытты 2,5 есе үнемдеу. Жылуұстағыш пен қасбетті бөлек сатып алып, бөлек орнатудың қажеті жоқ.
Сапалы талшықты бетоннан жасалған сыртқы декоративті-қорғаныс қабаты керемет көрініс беріп қана қоймай, үйіңізді сыртқы әсерлерден 25 жылдан да ұзақ уақытқа дейін қорғайды.
Жоғары сапалы жылу ұстағыштың ішкі қабаты жылу энергиясының 65% дейін үнемдейді. Алдағы уақыттағы жылдар бойы коммуналдық төлемдерді азайту арқылы шығындарды өтейді.
Зауыттың сапа кепілдігі 25 жылға дейін
Тікелей өндірушіден қолжетімді баға.
Қасбетке арнлаған декоративктік өнімдердге ең төменгі баға.
Үйді әрлеу мен жылыту арналған басқа материалдарға қарағанда 2-4 есе арзан.
Қарапайым әрі жеңіл орнату. Өзіңізге-ақ орнатуға болады.
Тұтынушыларды әр қадамда сүйемелдеп, қолдау. Материалды таңдаудан бастап орнатуға дейін.

TEPLOSTIL жылулық панельдерінің өлшемдері: 600х300 мм, салмағы 5 кг., 600х500 салмағы 8.5 кг, 600×600 мм 10 кг,
Дұрыс орнатылу нәтижесінде панель 500 кг/см- ге дейін механикалық жүктемеге шыдай алады.
Таңдауға арналған жылу панельдеріндегі жылу ұстағыштар:
Кеңейтілген полистирол жылу ұстағышы!
⠀
Жасалу материалының 25-тік жоғары тығыздық көрсеткішінің арқасында дыбыс және жылуды жақсы ұстап тұрады.
⠀
Көміртегіден тұрады және кеміргіштер мен жәндіктерге қоректік орта болып табылмайды.
⠀
Сертификатталған, ГОСТ стандарттарына сай, жанғыштық классын төмендету мақсатында химиялық өңделген, жанбайды, 4 секундқа дейін өзі сөнеді.
⠀
Энергия үнемділік баламасы 50 мм = 88 см кірпіш= 19см ағаш

Экструдталған полистирол жылу ұстағышы!
⠀
Бүкіл әлем бойынша азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста қолданылатын танымал заманауи жылу ұстағышы.
⠀
Сертификатталған, ГОСТ стандарттарына сай, жанғыштық классын төмендету мақсатында химиялық өңделген, жанбайды, 4 секундқа дейін өзі сөнеді.
⠀
Энергия үнемділік баламасы 50 мм = 92,5 см кірпіш

Төмен фенолды байланыстырғышта базальт тобының тау жыныстары негізінде жанбайтын, гидрофобтандырылған жылу және дыбыс өткізбейтін материал.
⠀
Жоғары бу өткізгіштігі бар, ылғалды сақтамайды, әрдайым құрғақ күйде қалады. Ауа мен соққы шуының деңгейін тиімді төмендетеді.
⠀
Бактериялардың, зеңдердің, саңырауқұлақтардың өмірлік белсенділігін қолдамайды, жәндіктердің тіршілік ету ортасы ретінде тартымды емес. Тығыздығы-90, 115, 130 кг/м3, Ресей «Технониколь» компаниясы өндіреді.
Сәнді-қорғаныс қабаты
TEPLOSTIL жылу панелдеріндегі талшықты бетон сапалы жергілікті құмына күшейткіш талшық фиброталшықтарды және пластификатор қосу арқылы дайындалады.
М-500 Heidelberg цементі қолданылады. . Оңтайлы қалыңдығы- 15мм, азырақ болған сайын нәзік, ал көбейген сайын ауырлай береді.
⠀
Бетон араластырғышта өндіріс кезінде бетонталшықтың қосылуы арқылы нығайтылады. Бетон талшықпен металлдағы секілді тек бір жазықтық бойымен емес, барлық жазықтықтар бойынша күшейтіліп, араластырылады.
