


Жылытқышпен қаптамаңыз!

Басқа қасбет алмаңыз!
Біздің өнімдерге назар аударыңыз!
Энергиялық тиімділік
Қасбеттік термопанельдер изоляциялық қабатының арқасында тамаша жылу сақтағыштық қасиетке ие. Осының есебінен, ғимараттарды жылыту мен температураны баптауға кететін энергия шығыны едәуір азайып, энергия шығынын үнемдеп, қоршаған ортаны зиянды заттармен ластау деңгейі төмендейді. Осылайша, қасбеттік термопанельдер ғимараттардың экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Сыртқы әсерлерден қорғау
Біздің қасбеттік термопанельдердің беріктігі өте жоғары, аса тұрақты және ауа райының: ультракүлгін сәулелер, жауын, қар мен жел сияқты түрлі өзгерістеріне төтеп береді. Бұл ғимаратты сыртқы әсерлерден қорғап, сызат түсу мен зақымданудың алдын алады, құрылымның ұзақ уақыт қызмет етуі мен беріктігін қамтамасыз етеді.
Эстетикалық шешім
Қасбеттік термопанельдер ғимараттың қайталанбас, өзіндік көркем келбетін үйлестіруге мүмкіндік береді. Олар жылу сақтайтын термопанель артықшылығын сақтай отырып, басқа да материалдардың кескінін бере алады, мәселен: ағаш немесе кірпіш. Осы арқылы ғимараттың қоршаған орта мен сәулет жарасымдылығына сай келуіне мүмкіндік туғызып, ерекшелігін айқындайды.